Destination Hero image
Артқа

Баку

Ақтау – Баку әуебилеттері

Әзербайжанға саяхаттауды жоспарлап жүрсіз бе? FlyArystan әуекомпаниясы Ақтаудан (SCO) Әзербайжан астанасы Бакуге (GYD) сәрсенбі және жұма күндері тікелей рейстер орындайды. Каспий теңізі арқылы ұшу шамамен 1 сағатқа созылады. 2027 жылғы 29 қазанға дейінгі рейстерге әуебилеттер сатылымда. Сондай-ақ Астана, Атырау, Ақтөбе, Орал және Қазақстанның басқа қалаларынан Бакуге ыңғайлы транзиттік рейстер қолжетімді.

Баку — шығыс мәдениеті, заманауи сәулет өнері мен теңіз көріністері үйлескен қала. Мұнда Ескі қаланың тар көшелерімен серуендеп, әйгілі От мұнараларын тамашалап, Каспий теңізінің жағалауында демалуға болады. Ақтау – Баку әуебилеттерін брондап, Әзербайжан астанасымен танысыңыз.

Ақтау (SCO) – Баку (GYD) әуебилетін қалай сатып алуға болады?

Әуебилетті FlyArystan ресми сайтында немесе мобильді қолданбада брондауға болады. Брондау үшін:

  1. Ұшатын және баратын қалаларды — Ақтау мен Бакуді, сондай-ақ сапар күндерін таңдаңыз.

  2. Жолаушылар санын көрсетіп, өзіңізге қолайлы рейсті таңдаңыз.

  3. Қажетті тарифтік топтаманы таңдаңыз немесе қажетті қызметтерді бөлек қосыңыз: қосымша багаж, қолжүк, орын таңдау және борттағы тамақтану.

  4. Қажет болса, арнайы қызметтерді қосып, жолаушылар туралы мәліметтерді тексеріңіз.

  5. Сайтта немесе мобильді қолданбада қолжетімді төлем тәсілдерінің бірімен брондау ақысын төлеңіз.

Қолайлы күндер мен тарифтерді таңдау мүмкіндігі көбірек болуы үшін әуебилеттерді алдын ала сатып алыңыз. Сапар алдында халықаралық бағыттарға қойылатын талаптармен танысып, төлқұжаттың жарамдылық мерзімін және Әзербайжанға кіру шарттарын тексеріңіз.

Ақтаудан орындалатын барлық рейстерді осы жерден, ал Бакуден орындалатын барлық бағыттарды мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Ақтау – Баку рейстерінің кестесі

FlyArystan Ақтаудан Бакуге аптасына екі рет — сәрсенбі және жұма күндері тікелей рейстер орындайды. Ұшу және келу уақыты сапар күніне байланысты өзгереді. Рейстердің өзекті кестесі мен бос орындарды FlyArystan сайтынан немесе мобильді қолданбасынан тексере аласыз.

Ақтау – Баку әуебилетінің бағасы

Әуебилеттің бағасы ұшу күніне, сұранысқа және таңдалған тарифке байланысты. Сапарды алдын ала жоспарлап, әуебилетті ертерек сатып алсаңыз, қолайлы рейсті тиімді бағамен таңдау мүмкіндігі артады.

FlyArystan әуекомпаниясымен сапарға қажетті қызметтерді өзіңіз таңдайсыз. Негізгі тарифті сатып алуға немесе багаж қосуға, орын таңдауға және бортта тамақтануға тапсырыс беруге болады. Осылайша сапарыңызды қажеттіліктеріңіз бен бюджетіңізге қарай жоспарлай аласыз.

Қолжетімді тарифтік топтамалар мен қосымша қызметтер туралы толығырақ сайттан біле аласыз.

Баку әуежайынан қала орталығына қалай жетуге болады?

Ақтаудан ұшатын рейстер Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға (GYD) келеді. Әуежайдан Баку орталығына H1 экспресс-автобусымен немесе таксимен жетуге болады.

  • H1 экспресс-автобусы. Автобус әуежайды «Кёроглу» метро станциясымен және «28 Мамыр» метро станциясының жанындағы орталық теміржол вокзалымен байланыстырады. Қала орталығына дейінгі жол шамамен 30 минутты алады. Автобус тәулік бойы қатынайды. Маршруттың өзекті кестесі мен төлем тәсілдерін әуежай сайтынан тексеріңіз.

  • Такси. Әуежай терминалдарының жанында ресми такси қызметтері мен онлайн такси сервистері бар. Жолға шықпас бұрын сапар құнын және көліктің келетін орнын нақтылап алыңыз.

Бакуде қай жерлерге баруға болады?

Бакуде саяхат кезінде көруге тұрарлық көрікті жерлер көп:

  • Ескі қала (Ичери-шехер). Бакудің тарихи орталығы. Мұнда тар көшелер, көне ғимараттар мен жайлы аулалар сақталған. Ескі қалада ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қыз мұнарасы мен Ширваншахтар сарайы орналасқан.

  • Қыз мұнарасы. Бакудің басты нышандарының бірі. Ескі қалада орналасқан мұнараның жоғарғы алаңынан тарихи орталық пен Каспий теңізінің көрінісін тамашалауға болады.

  • Гейдар Әлиев орталығы. Әйгілі сәулетші Заха Хадид жобалаған ерекше ғимарат. Мұнда көрме залдары мен музей экспозициялары орналасқан. Ғимараттың ерекше иірім пішіні заманауи Бакудің сәулеттік нышандарының біріне айналған.

  • Ширваншахтар сарайы. XV ғасырда салынған сарай кешені Ширваншахтар әулетінің тарихымен таныстырады. Кешен аумағында сарай ғимараттары, кесене және мешіт бар.

  • От мұнаралары. Қала үстіндегі биіктікте орналасқан, жалын пішініне ұқсайтын үш зәулім ғимарат. Кешкі уақытта сәулеттік жарықтандыру қосылғанда ерекше әсер қалдырады.

  • Баку бульвары. Каспий теңізінің жағалауымен созылып жатқан серуендеу аймағы. Мұнда жаяу жүргіншілер жолдары, жасыл желек, дәмханалар және заманауи қаланың әсем көріністері бар.

  • Баку Кристалл залы. 2012 жылғы «Евровидение» байқауына арналып салынған, теңіз жағасында орналасқан концерттік-спорттық кешен. Ерекше сәулеті мен кешкі жарықтандыруы қала қонақтарының назарын аударады.

FlyArystan — Қазақстанда және халықаралық бағыттарда қолжетімді әуе тасымалын ұсынатын қазақстандық лоукостер. FlyArystan әуекомпаниясы туралы толығырақ біліп, келесі сапарыңызды бізбен бірге жоспарлаңыз.

Сатып алу

Рейс күні

calendar