<

Құпиялылық саясаты

Жалпы ереже

Соңғы рет 2026 жылы қарашада жаңартылды.

Бұл саясат қандай жеке ақпаратты / дербес деректерді жинайтынымызды, оларды қайдан алатынымызды, қандай мақсатта және қандай негізде өңдейтінімізді, кімге беретінімізді, қанша уақыт сақтайтынымызды, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес сіздің қандай құқықтарыңыз бар екендігін баяндайды.

Жеке ақпарат дегенді қалай түсінеміз?

Осы құжаттағы жеке ақпарат / дербес деректер терминдері Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңында», сондай-ақ қолданылатын шетелдік заңнамада белгіленген мағынаның негізінде қолданылады.

Жалпы алғанда, бұл – сіз туралы, сіздің жеке басыңызды тікелей немесе басқа да мәлімет арқылы анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат. Жеке ақпарат/ дербес дерек, атап айтқанда, сіздің есіміңіз бен байланыс деректеріңіз, жеке басыңызды куәландыратын мәлімет, брондау және ұшу туралы ақпарат, төлем ақпараты, арнайы сұраныс пен қажеттілік туралы мәлімет, сондай-ақ біздің веб-сайтымызды және мобильді қолданбамызды пайдалану туралы ақпарат болуы мүмкін.

Бұл саясат қандай жағдайда қолданылады?

Бұл саясат біз жинайтын, пайдаланатын және (немесе) өзге де тәсілмен өңдейтін сіз туралы дербес деректерге, оның ішінде сіз біздің рейспен ұшқанда, веб-сайтымызды немесе мобильді қолданбамызды пайдаланғанда, брон жасап және ақпарат орталығымызға хабарласқанда немесе өзге де қызметтерімізді пайдаланғанда қолданылады.

Дербес деректерді өңдеуге кім жауапты?

«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «FlyArystan» АҚ дербес деректің иесі және (немесе) операторы болып табылады, сондай-ақ деректі өңдеуге қатысты қойылған шетелдік заңнамадағы талаптарды ұстанады.

«FlyArystan» АҚ-ның (БСН 140340014944) заңды мекенжайы: Закарпатская к-сі, 4А, 050039, Алматы қ., Қазақстан.

Біз қандай дербес деректерді жинаймыз?

Дербес деректің санаты мен көлемі біздің тарапымыздан сізге ұсынылған нақты қызмет пен оның сипатына байланысты. Деректердің жекелеген санаты барлық жағдайда жиналмауы мүмкін. Қажет болған жағдайда, нақты бір қызмет түрін көрсету үшін қажетті дербес деректі сізден қосымша сұратуымыз мүмкін. Біз тек төменде көрсетілген мақсаттарға қажетті деректі ғана жеткілікті көлемде жинаймыз:

  • Сәйкестендіру және байланыс деректері: аты-жөні, туған күні, азаматтығы, төлқұжаттық немесе өзге де сәйкестендіру деректері, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, сондай-ақ қажет болған кезде тиісті қызметті көрсету үшін қосымша мәлімет.

  • Саяхат және брондау туралы ақпарат: брондау және билет нөмірі, бағыт, рейс, жолжүк, тіркеу және отырғызу туралы мәлімет, таңдалған орын, сондай-ақ қажет болған кезде виза, баратын елге кіруге рұқсат қағаз, транзитпен өту немесе онда болу үшін қажетті өзге де құжаттар туралы мәліметтер.

  • Төлем туралы ақпарат: төлем тәсілі, төлем мәртебесі, төлем идентификаторы туралы мәлімет, қажет болған жағдайда төлемді, қайтарымды немесе басқа да төлем түрлерін өңдеу үшін қажетті банк картасының деректері немесе банк реквизиті.

  • Денсаулық жағдайы және арнайы қажеттілік туралы мәлімет: сізге әуе тасымалы ұсынатын қосымша қызметті нақтылау, медициналық сүйемелдеуді ұйымдастыру, жолаушыға арнайы көмек көрсету не авиациялық қауіпсіздік талаптарын орындау үшін қажет болған жағдайда ғана сұралатын сіздің денсаулық жағдайыңыз туралы дерек. Тиісті қызметті көрсету үшін медициналық құжат пен растамалар да талап етілуі мүмкін.

  • «FlyArystan» АҚ ұсынған қызметке қатысты ақпарат: сұраныстың, пікірдің мазмұны, сауалнамаларға жауап, қолдау қызметіне, чат-ботқа жүгіну тарихы, сондай-ақ біздің қызметімізді пайдалану кезінде сіз ұсынатын өзге де ақпарат.

  • Техникалық дерек және онлайн-идентификаторлар: IP-мекенжай, құрылғы мен браузер идентификаторлары, сеанс және веб-сайтты немесе мобильді қолданбаны пайдалану туралы мәлімет, тілдік параметрлер, сондай-ақ сіз таңдаған параметрге сәйкес cookie файлдары мен ұқсас технологиялар деректері.

  • Есептік жазба және аутентификация деректері: есептік жазба деректері және біздің веб-сайтымызға, мобильді қолданбамызға және өзге де цифрлық сервисімізге аутентификациялау мен қолжетімділік беру үшін қажетті өзге де ақпарат.

  • Аудиовизуалды ақпарат: компания кеңсесі мен өзге де объектілеріндегі бейнебақылау камераларының жазбасы, сондай-ақ тиісті қызмет көрсету арнасында жазба жүргізілетін болса, брондау және ақпарат орталығына жүгінген кездегі әңгімелер жазбалар.

Бұл деректер тікелей сізден біздің қызметіміз бен цифрлық платформаларымызды пайдалану барысында, сондай-ақ үшінші тараптардан, мысалы, сіздің ұшуыңызды ұйымдастыратын билет сату агенттіктерінен жиналады.

Дербес деректі қандай мақсатта өңдейміз?

Сіздің дербес деректеріңіз қандай мақсатта жиналады?

  • Әуе тасымалы және өзге де қызметті көрсету: тасымалды брондау және рәсімдеу, рейске тіркеу және отырғызу, жолжүк пен төлемді өңдеу, тамақтандыру мен арнайы көмек ұсыну, жолаушыларға қызмет көрсету, сондай-ақ сіз сұратқан немесе сатып алған өзге де қызметтерді ұсыну үшін.

  • Заңнама мен мемлекеттік органдардың талаптарын орындау: әуе тасымалын жүзеге асыруға байланысты міндеттер мен талаптарды, оның ішінде жөнелту, транзит және межелі елдердің уәкілетті мемлекеттік органдарының талаптарын орындау үшін.

  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: ұшу қауіпсіздігін, жолаушылардың, экипаждың және компания қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, объектілер мен ақпараттық жүйелерді қорғау, сондай-ақ алаяқтықтың және қауіпсіздікке немесе компанияның қызметіне қатер төндіруі мүмкін өзге де әрекеттердің алдын алу және оларды тергеу үшін.

  • Қызметімізді жақсарту: қызмет көрсету сапасын және өнімдеріміз бен қызметтерімізді пайдалануды талдау, оларды жақсарту мақсатында сауалнама жүргізу және жолаушыларымыздың қажеттіліктерін зерттеу үшін.

Дербес деректі қандай негізде өңдейміз?

Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе өзге де қолданылатын заңнамаға сәйкес сіздің келісім талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, біз сіздің дербес деректеріңізді сіздің келісіміңізбен жинаймыз және өңдейміз.

Қолданылатын заңнамада көрсетілген жағдайларда заңда белгіленген міндеттерді және уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптарын орындау үшін дербес деректі өңдеу сіздің келісіміңізсіз де жүзеге асырылуы мүмкін.

Дербес деректерді қалай аламыз:

  • тікелей сізден – сіз әуебилетті немесе өзге де қызметтерді брондағанда не сатып алғанда, біздің қызметімізді пайдаланғанда;

  • басқа тұлғалардан – мысалы, басқа тұлға сіз үшін әуебилет брондаса немесе сатып алса, не сізге сұралатын қызметтерге байланысты сіздің дербес деректеріңізді бізге ұсынса;

  • сіздің сапарыңызды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысатын үшінші тұлғалардан – мысалы, туристік агенттіктен, туроператордан, серіктес әуекомпаниядан және тасымалды брондауға немесе орындауға қатысатын өзге де қызмет берушілерден;

  • біздің веб-сайтымызды, мобильді қолданбамызды және өзге де цифрлық сервисімізді пайдаланғанда – белгілі бір техникалық деректер автоматты түрде, оның ішінде cookie файлдары мен ұқсас технологиялар арқылы жиналуы мүмкін.

Егер сіз басқа адам үшін әуебилет брондасаңыз немесе сатып алсаңыз не оның дербес деректерін бізге басқа жолдар арқылы ұсынсаңыз, сіздің бізге мұндай деректерді беруге құқығыңыз бар екеніне және қолданылатын заңнамада талап етілген жағдайда осы адамның қажетті келісімін алғаныңызға көз жеткізіңіз. Оны осы саясатпен таныстыруыңызды да сұраймыз.

Дербес деректерді қанша уақыт сақтаймыз?

Біз сіздің дербес деректеріңізді оларды өңдеу үшін және сізге тиісті қызметті көрсету үшін қажетті кезең ішінде, сондай-ақ қолданылатын заңнамада көзделген мерзім бойы сақтаймыз.

Егер дербес деректі өңдеу сіздің келісіміңіз арқылы жүзеге асса, мұндай келісім, қолданылатын заңнамада өзге мерзім белгіленбесе, дербес деректі өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті кезең ішінде қолданылады.

Дербес деректерді кімге береміз?

Біз сіздің дербес деректеріңізді сізге қызмет көрсету, осы саясатта көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу немесе қолданылатын заңнама талаптарын орындау үшін қажет болғанда мына негізгі алушылар санаттарына бере аламыз:

  • өзге әуекомпанияларға және тасымал қатысушыларына, оның ішінде біздің кодшеринг және интерлайн серіктестерімізге;

  • сіздің сапарыңызды ұйымдастыруға және оған қызмет көрсетуге қатысатын әуежайға, әуежай операторларына және жерүсті қызметіне;

  • төлемдерді өңдеу үшін қажет болғанда банкке және төлем қызметін іске асыратындарға;

  • қызмет көрсететіндерге, олар бізге сізге қызмет көрсетуге және жүйе мен қызметіміздің жұмысын қамтамасыз етуге көмектеседі;

  • дербес деректерді беру қолданылатын заңнамаға сәйкес, оның ішінде авиациялық қауіпсіздік, шекаралық, көші-қон және кедендік бақылау саласындағы талаптарға байланысты талап етілгенде уәкілетті мемлекеттік органдарға.

Аталған алушылардың кейбірі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасуы мүмкін, сондықтан қолданылатын заңнама талаптарына сәйкес сіздің дербес деректеріңізді трансшекаралық бөлісу жүзеге асырылуы мүмкін.

«FlyArystan» АҚ сіз келісім берген немесе қолданылатын заңнамаға сәйкес талап етілген болмаса, сіздің дербес деректеріңізді жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінде таратпайды.

Дербес деректердің қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?

Біз сіздің дербес деректеріңізге рұқсатсыз қол жеткізуден, оны жоғалтудан, өзгертуден, ашудан немесе өзге де заңсыз пайдаланудан қорғау үшін өңделетін деректердің сипатын және оларды өңдеуге байланысты барлық рисктерді ескере отырып, тиісті ұйымдастырушылық және техникалық шараны қолданамыз.

Дербес деректерге қатысты сіздің қандай құқықтарыңыз бар?

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сіз:

  • дербес деректеріңізді өңдеу туралы, оның ішінде оларды жинау және өңдеу мақсаттары, көздері және тәсілдері туралы мәліметтер алуға;

  • заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен дербес деректеріңізге қол жеткізуге;

  • дербес деректеріңізді нақтылауға негіздер болған жағдайда, оларды өзгертуді немесе толықтыруды талап етуге;

  • заңнамада көзделген жағдайларда дербес деректеріңізді бұғаттауды немесе жоюды талап етуге;

  • егер дербес деректерді өңдеу сіздің келісіміңіздің негізінде жүзеге асырылса, заңнамада көзделген шектеулерді ескере отырып, дербес деректерді өңдеуге берілген келісімді қайтарып алуға;

  • өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңнамада көзделген тәртіппен қорғауға құқылысыз.

Өз құқықтарыңызды пайдалану үшін біздің веб-сайтымызда көрсетілген байланыс арналары арқылы хабарласа аласыз. Қажет болған жағдайда, сіздің жеке басыңызды растау және өтінішті қарау үшін қосымша ақпарат сұратуымыз мүмкін.

Маркетингтік коммуникациялар

Біз сізге жаңалықтарды, қызметіміз, арнайы ұсыныстарымыз туралы ақпаратты және өзге де маркетингтік хабарламаларды жолдай аламыз.

Мұндай хабарламаларды алу үшін біз сіздің жеке келісіміңізді сұраймыз. Келісім беру өз еркіңізде және әуе билетін сатып алудың, рейске тіркелудің немесе «FlyArystan» АҚ-ның өзге де қызметтерін алудың шарты болып саналмайды.

Сіз кез келген уақытта алынған электрондық хабарламадағы тарату тізімінен бас тарту сілтемесін пайдалана отырып немесе есептік жазбаңыздағы тиісті параметрлерді өзгерту арқылы өз келісіміңізді қайтарып ала аласыз.

Маркетингтік хабарламаларды алудан бас тарту сіз сатып алған қызметті көрсету үшін қажетті хабарламаларды, оның ішінде брондауға және тасымалды орындауға байланысты ақпаратты алуға әсер етпейді.

Cookie файлдарын қалай пайдаланамыз?

Біздің веб-сайтымыз бен мобильді қолданбамыз cookie файлдарын және ұқсас технологияларды пайдаланады. Оларды пайдалану және сізге қолжетімді параметрлер туралы толығырақ ақпарат біздің Cookie файлдарын пайдалану саясатында берілген.

Осы саясатқа өзгерістер енгізу

Біз сіздің дербес деректеріңізді қорғауға қатысты нақты әрі өзекті ақпарат ұсыну үшін осы саясатқа өзгерістер енгізу құқығын өзімізге қалдырамыз.

Осы саясатқа өзгерістер енгізілген жағдайда, біз оның жаңартылған нұсқасын https://www.flyarystan.com/ веб-сайтында жариялаймыз.