Destination Hero image
Артқа

Дубай

Ақтау – Дубай әуебилеттері

Дубайға саяхаттауды жоспарлап жүрсіз бе? Ақтаудан БАӘ-нің ең танымал қалаларының біріне FlyArystan әуекомпаниясының тікелей рейсімен сапарлай аласыз. 2026 жылғы 21 қарашадан бастап Ақтау – Дубай әуе қатынасы қайта жанданады: рейстер аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу ұзақтығы шамамен 5 сағат 35 минутты құрайды. Өзіңізге қолайлы күндерді таңдап, әуебилеттерді алдын ала брондап, FlyArystan әуекомпаниясымен саяхатыңызды жоспарлаңыз!

Науқан аясында тек 8 қарашаға дейін -20% жеңілдік бар! Бір бағытқа Ақтау - Дубай билеттері 60,700 50, 100 теңгеден бастап.

Назар аударыңыз! Дубайға ұшатын жолаушыларда кері билет болуы міндетті. БАӘ-ге кіру талаптары туралы толығырақ осы жерден біле аласыз.

Ақтау (SCO) – Дубай (DXB) бағытына әуебилетті қалай сатып алуға болады?

FlyArystan сайтында немесе FlyArystan мобильді қолданбасында:

  1. Қайдан — Ақтау, Қайда — Дубай қалаларын, сапар күндерін және жолаушылар санын көрсетіңіз. Назар аударыңыз: 2 жасқа дейінгі сәбиге де билет рәсімдеу қажет. Сәбилер ересек адамның қолында тегін тасымалданады. Шектеулер бар, толығырақ Балалар мен сәбилермен саяхаттау бөлімінен оқыңыз.

  2. «Іздеу» түймесін басыңыз — жүйе қолжетімді рейстер мен тарифтік топтамаларды көрсетеді. Өзіңізге қолайлы топтаманы таңдай аласыз немесе қосымша жолжүк сатып алып, қолжүктің салмағын арттырып, салоннан орын таңдап, бортта тамақтануға тапсырыс бере аласыз. Сондай-ақ басқа да арнайы қызметтер қолжетімді. Ең тиімді күндерді табу үшін төмен бағалар күнтізбесін пайдаланыңыз. Жоспарларыңыз өзгерсе, ұшу күнін қызмет шарттарына сәйкес өзгертуге мүмкіндік беретін Ozgert қызметіне назар аударыңыз.

  3. Өзіңізге қолайлы рейс пен тарифтік топтаманы таңдап, брондауды төлеңіз. Қолжетімді төлем тәсілдерімен осы бөлімде таныса аласыз. Рейске тіркелуді ұмытпаңыз! Алдын ала тіркелу және отырғызу ережелерін және БАӘ-ге кіру үшін қажетті жол жүру құжаттарына қойылатын талаптарды тексеріңіз.

Ақтаудан орындалатын барлық рейстерді және Дубайдан орындалатын барлық рейстерді қараңыз.

Ақтау – Дубай рейстерінің кестесі

Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша тікелей рейстер 2026 жылғы 21 қарашадан бастап қайта орындалады. Рейстер аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады.

Ақтаудан Дубайға дейінгі ұшу ұзақтығы шамамен 5 сағат 35 минутты құрайды. Рейстер заманауи Airbus A320 ұшақтарымен орындалады.

Ұшудың өзекті кестесін, ұшу уақытын және қолжетімді күндерді FlyArystan сайтынан немесе мобильді қолданбасынан билет іздеу кезінде көре аласыз. Рейстер кестесі мен орындардың қолжетімділігі өзгеруі мүмкін, сондықтан брондау алдында ақпаратты тексеруді ұсынамыз.

Ақтау – Дубай бағытына әуебилеттің бағасы қанша?

Ақтау – Дубай бағыты бойынша әуебилеттің бағасы сапар күніне, брондау уақытына, таңдалған тарифтік топтамаға және қосымша қызметтерге байланысты. Сапарды неғұрлым ертерек жоспарласаңыз, өзіңізге қолайлы бағадағы билетті таңдау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.

Брондау кезінде FlyArystan тарифтік топтамаларына назар аударыңыз:

  • Стандарт — салмағы 7 кг-ға дейінгі қолжүк;

  • Стандарт Плюс — салмағы 10 кг-ға дейінгі қолжүк;

  • Комфорт — салмағы 7 кг-ға дейінгі қолжүк және салмағы 20 кг-ға дейінгі тіркелетін жолжүк;

  • Комфорт Плюс — салмағы 10 кг-ға дейінгі қолжүк және салмағы 32 кг-ға дейінгі тіркелетін жолжүк.

Таңдалған топтамаға байланысты орын таңдау және ұшу күнін белгілі бір шарттармен өзгерту сияқты қосымша артықшылықтар қолжетімді болуы мүмкін.

Сапар бюджетін жоспарлау кезінде қосымша қызметтерді де ескеріңіз: салоннан орын таңдау және бортта тамақтану. Бұл қызметтерді брондау кезінде немесе кейін брондауды басқару арқылы қосуға болады. Жолжүк пен басқа да қосымша қызметтерді алдын ала сатып алуды ұсынамыз.

Дубай әуежайынан қала орталығына қалай жетуге болады?

FlyArystan рейстері Дубай халықаралық әуежайының (DXB) 1-терминалына келеді. Әуежай қаланың орталық аудандарына жақын орналасқан. Негізгі көрікті жерлерге, қонақүйлер мен сауда орталықтарына бірнеше жолмен жетуге болады:

  • Метро: Dubai Metro қызыл желісі әуежайды Дубайдың орталық аудандарымен байланыстырады. Метро станциялары 1 және 3-терминалдардың жанында орналасқан. Бұл — Downtown Dubai, Dubai Mall және басқа да танымал орындарға жетудің ыңғайлы жолы. Жол ақысын төлеу үшін Nol көлік картасы қолданылады.

  • Автобус: қалалық автобустар әуежай терминалдарының жанындағы аялдамалардан жүреді және Дубайдың әртүрлі аудандарымен байланыстырады. Жол ақысын төлеу үшін Nol картасы қажет.

  • Такси: ресми таксилердің тұрақтары келу терминалдарының жанында орналасқан. Бұл — жолжүкпен саяхаттайтын немесе қонақүйге бірден жетуді қалайтын жолаушылар үшін ыңғайлы нұсқа. Таксилер тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Қоғамдық көліктің кестесі мен жол жүру ақысын сапар алдында Дубай көлік басқармасының (RTA) ресми сайтынан тексеруді ұсынамыз.

Дубайда не көруге болады?

Дубай — зәулім ғимараттары, заманауи ойын-сауық орындары, жағажайлары мен шығыс мәдениетін сақтаған тарихи аудандары бар қала. Мұнда жағажай демалысын, шопингті, жергілікті мәдениетпен танысуды және әйгілі көрікті жерлерді аралауды қатар жоспарлауға болады. Саяхат кезінде мына орындарға баруға кеңес береміз:

  • Бурдж-Халифа (Burj Khalifa). Биіктігі 828 метр болатын әлемдегі ең биік ғимарат әрі Дубайдың басты символдарының бірі. Бақылау алаңдарынан қала мен Парсы шығанағының панорамалық көрінісі ашылады.

  • Dubai Mall. Әлемдегі ең ірі сауда және ойын-сауық орталықтарының бірі. Мұнда танымал брендтердің дүкендері, мейрамханалар, аквариум және бүкіл отбасыға арналған көптеген ойын-сауық орындары бар.

  • Болашақ музейі (Museum of the Future). Сыртқы пішіні сақинаға ұқсайтын, араб каллиграфиясымен безендірілген ерекше ғимарат. Ішінде технологиялар, ғылым және болашақ мүмкіндіктеріне арналған интерактивті көрмелер орналасқан.

  • Пальма Джумейра (Palm Jumeirah). Пальма ағашының пішінінде жасалған жасанды арал. Мұнда сәнді қонақүйлер, жағажайлар, мейрамханалар мен ойын-сауық кешендері орналасқан. Бұл — Дубайдың ең танымал орындарының бірі.

  • Дубай Марина (Dubai Marina). Зәулім ғимараттары, яхталары, Marina Walk жағалауы мен көптеген дәмханалары бар заманауи аудан. Кешкі серуен мен су жағасында демалуға тамаша орын.

  • Әл-Фахиди тарихи ауданы (Al Fahidi Historical Neighbourhood). Дәстүрлі ғимараттары, тар көшелері, ішкі аулалары мен музейлері бар қаланың ең көне аудандарының бірі. Мұнда заманауи зәулім ғимараттар пайда болғанға дейінгі Дубай тарихымен танысуға болады.

  • Дубай фонтаны (Dubai Fountain). Бурдж-Халифаның етегінде орналасқан әйгілі су шоуы. Музыка әуенімен билеген су ағындары ерекше көрініс сыйлайды. Әсіресе кешкі уақытта тамашалауға болады.

Дубай жылдың кез келген мезгілінде демалуға мүмкіндік береді: жағажайда серуендеуден бастап, заманауи сәулет өнерімен және шығыс дәстүрлерімен танысуға дейін.

FlyArystan — Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Компания өз қызметін 2019 жылғы мамырда бастады. 2025 жылғы қаңтардан бастап FlyArystan жеке пайдаланушы сертификаты негізінде FS коды бар дербес әуекомпания ретінде жұмыс істейді. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларындағы базаларынан Airbus A320 заманауи ұшақтарымен кең маршруттық желі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттық желісіне ішкі және халықаралық рейстер, сондай-ақ чартерлік бағыттар кіреді. Әуекомпания 2023, 2024, 2025 және 2026 жылдары Skytrax World Airline Awards марапатында Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік лоукостер деп үш рет танылды. Біз туралы толығырақ біліңіз.

Сатып алу

Рейс күні

calendar