МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
FlyArystan әуекомпанияның ___ ______ 20__ жылғы FS ___ рейсіне қатысты төтенше жағдай орын алғанын өкінішпен растайды.
Жолаушыларымыздың, экипаждың және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен қолдау сезінуін қамтамасыз ету біздің басты құндылығымыз болып қала береді.
Туыстары мен жақындары үшін
• Сенім телефоны: Ақпарат алу үшін +7 727 244 55 52, 8 800 080 0440 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
• Көмек орталықтары: Біздің қолдау орталықтарымыз келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Ресми ақпарат
Сенімді ақпарат осы сайтта және әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшаларымызда жарияланатын болады:
БАҚ сұрақтары бойынша pr@flyarystan.com хабарласуыңызды сұраймыз
Қырғызстанның жазғы демалысқа арналған ең танымал бағыттарының біріне жылдам әрі жайлы сапар жоспарлаңыз. Ыңғайлы рейс кестесі көркем Тянь-Шань тауларымен қоршалған биік таулы көл жағасында демалысты оңай ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мұнда сіздерді ерекше табиғат, мөлдір су, қылқан жапырақты ормандар мен кең шалғындар күтеді. Қала қарбаласынан демалып, сергіп қайтуға тамаша мүмкіндік. Курорттарда жайлы пансионаттардан бастап бассейндері мен SPA қызметтері бар заманауи кешендерге дейін бар. Сонымен қатар су спорты, атпен серуендеу және экскурсиялар қолжетімді.
Сапарға ең қолайлы уақыт — шілденің ортасынан тамыз айының соңына дейін. Бұл кезеңде ауа температурасы +25–30°C-қа дейін жетіп, көл +22–24°C-қа дейін жылынады.
Дәл осы уақытта курортта өмір қыз-қыз қайнайды: жағажайлар, кафелер, экскурсиялық бюролар мен демалыс орындары жұмыс істейді. Көктем мен күзде мұнда тыныш әрі жайлы, бірақ суға түсу мен жағажай демалысы үшін жаз мезгілі ең қолайлы.
FlyArystan 2026 жылғы 3 шілдеден 31 тамызға дейін маусымдық рейстер орындайды. Ұшу жиілігі — аптасына 2 рет: дүйсенбі және жұма күндері.
Ұшақ Тамшы (IKU) әуежайына қонады, одан танымал курорт аймақтарына оңай жетуге болады.
Бір бағыттағы билеттер бағасы 37 000 теңгеден басталады*.
*Баға валюта бағамына байланысты аздап өзгеруі мүмкін.
Отырғызу қақпасының нөмірі ұшуға 1 сағат қалғанда таблода көрсетіледі. Жолаушыларға ұшудан кемінде 30 минут бұрын гейтте болу ұсынылады. Халықаралық рейстер үшін әуежайға 3 сағат бұрын келу ұсынылады.FlyArystan рейстеріне онлайн тіркелу сайтта немесе мобильді қосымшада тегін қолжетімді және ұшуға 30 күн қалғанда ашылады.
Қазақстан азаматтарына жеке куәлік немесе ішкі паспорт жеткілікті. Қырғызстан аумағында 90 күнге дейін визасыз болуға болады.
Негізгі тарифке 7 кг дейінгі қолжүк кіреді. Қосымша жолжүкті бөлек рәсімдеуге болады.
Тарифтер:
Жазғы демалысты қазірден жоспарлап, ең тиімді бағамен билеттерді алдын ала брондаңыз.
Too Many Request