• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Батуми

Ақтаудан Батумиға (Грузия) әуебилеттер

Ақтау – Батуми бағытындағы тікелей рейстер 6 маусымнан бастап әр сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Әуебилеттер 2026 жылдың 29 тамызына дейін сатылымда.

Маңызды: Грузияға кіру үшін медициналық сақтандырудың болуы міндетті. Сапар алдында елге кірудің өзекті талаптарымен мұқият танысуды ұсынамыз.

Батуми — Қара теңіз жағалауында, Грузияның батысында орналасқан курорттық қала. Қала жылы климатымен, Қара теңіз жағалауымен және заманауи сәулет пен тарихи орталықтарымен танымал. Батуми жағажай демалысы үшін де, мазмұнды қалалық саяхат үшін де тамаша бағыт. Қысқа сапардың өзінде серуендеуге және демалуға арналған қызықты орындар табуға болады.

Туристік нысандар

Ақтау – Батуми әуебилетін сатып алғаннан кейін, саяхат бағытын алдын ала жоспарлаған жөн. Батуми өздігінен серуендеуге ыңғайлы, ал негізгі көрікті жерлер бір-біріне жақын орналасқан.

Міндетті түрде баруға кеңес береміз:

  • Қара теңіз жағалауы мен сол жерде орналасқан Батуми бульвары — тәуліктің кез келген уақытында серуендеуге тамаша орын

  •  Шағын көше, аулалар мен жайлы кафелерге толы ескі қала

  • Еуропа алаңы мен қаланың орталық көшелері

  • Билейтін субұрқақтар мен кешкі жағалаудағы көрініс

  • Қала мен теңізге панорамалық көрініс ашылатын Арго аспалы жолы

Уақытыңыз болса:

  • Аймақтағы ең әдемі бақтардың бірі — Батуми ботаникалық бағына

  • Қала маңында орналасқан Гонио қамалына

  • Сарқырамалары, жасыл бағыттары мен шолу алаңдары бар Таулы Аджарияға баруды ұсынамыз.

Тиімді әуебилеттер

Әуебилетті сатып алу үшін FlyArystan мобильді қолданбасын немесе ресми сайтты пайдаланыңыз. Қолданбада ыңғайлы рейсті таңдап, өзіңізге қажет қызметтерді қосып, билет құнын өз қалауыңызға қарай реттей аласыз.

Егер билетті алдын ала және бірден барып-қайту бағытында алсаңыз, сапар құны одан да тиімді болады.

FlyArystan әуебортында кездескенше!

Сатып алу

Рейс күні

calendar