• Брондау және брондауды өзгерту
  • Ақпарат
  • Көмек
Артқа

Үргеніш

Үргенішке әуебилеттер!

Орталық Азияның ең танымал бағыттарының бірі Үргенішке Қазақстаннан тікелей рейстермен саяхаттаңыз.
Алматы (ALA) – Үргеніш (UGC) рейстері 2026 жылғы 3 қыркүйек – 22 қазан аралығында, аптасына екі рет — бейсенбі және жексенбі күндері, заманауи Airbus A320 ұшақтарымен орындалады.

Үргеніш — Өзбекстанның ең көне қалаларының бірі, Хорезм аймағында орналасқан. Бұл өңірдің тарихы мыңдаған жылдарға созылып, терең тамыр жайған бай өркениетке ие. Қала Ұлы Жібек жолының маңызды орталықтарының бірі болып, өңірдегі сауда мен мәдениеттің дамуына елеулі үлес қосқан.

Бүгінде Үргеніш — заманауи қала, ол ежелгі Хиуа оазисіне апаратын қақпа қызметін атқарады және Хорезм өркениетінің тарихи мұрасын сақтап келеді. Қала маңында ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген бірегей тарихи ескерткіштер, соның ішінде сәулет өнерінің інжу-маржаны саналатын көне Хиуа қаласы орналасқан.

Бұл өңір бай мәдени мұрасымен, дәстүрлі қолөнерімен және ғасырлар бойы Хорезмнің келбетін қалыптастырған ғылыми әрі өнер мектептерінің тарихымен танымал.

Билетті қалай тиімдірек сатып алуға болады?

Билетті тікелей және делдалдық төлемсіз сатып алу үшін iOS және Android смартфондарына арналған FlyArystan қосымшасын жүктеп алуды немесе ресми сайтты қолдануды ұсынамыз. Бізбен саяхаттағанда, әуе билетіңізде үнемдейсіз, бұл сіздің шығындарыңыздың маңызды бөлігі болуы мүмкін. Біздің жолаушылар қажетті қызметтердің толық тізімін таңдай отырып, рейстің соңғы құнын өздері қалыптастырады.

Билеттерді екі жаққа, алдын ала брондау ұсынылады. Бұл сіздің сапарыңызды одан да тиімді етеді.

Маңызды ақпарат: Арнайы рұқсатсыз Өзбекстан аумағына ұшқышсыз ұшу аппараттарын (дрондарды), оның ішінде әуесқой видео түсірушілерге арналған үлгілерді де әкелуге және пайдалануға тыйым салынған. Тек камерасыз, салмағы 250 г аспайтын ойыншық дрондарды алып кіруге болады. Рұқсатсыз дрон анықталған жағдайда, ол кеден органдарымен тәркіленетінін ескертеміз.

Үргеніште қандай жерлерді көруге болатынын білмейсіз бе? Сіздерді біздің шағын гидпен танысуға шақырамыз.

Үргеніште көруге тұрарлық топ көрнекті 5 жерлер:

  • Ичан-қала (Хиуа)
    Үргенішке жақын орналасқан көне қамал-қала. Минареттері, медреселері мен сарайлары бар ашық аспан астындағы нағыз музей іспетті бұл тарихи кешен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген және әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристерді таңғалдырады.
  • Қалта-Минар (Хиуа)
    Өңірдің ең танымал символдарының бірі — толық аяқталмаған, бірақ айбынды көрінетін, көгілдір қыштармен қапталған минарет. Ол өзінің ерекше тарихы мен ауқымдылығымен ерекшеленеді.
  • Жұма мешіті (Хиуа)
    Жүздеген оюлы ағаш бағандары бар ерекше мешіт. Ішкі атмосферасы уақытқа саяхат жасағандай әсер қалдырып, Хорезмнің ежелгі дәстүрлерімен таныстырады.
  • Пахлаван Махмуд кесенесі (Хиуа)
    Өңірдегі ең көркем сәулет кешендерінің бірі әрі қасиетті орын. Хиуаның рухани символы саналып, зиярат ететін маңызды мекен болып табылады.
  • Үргеніш өңірлік базары
    Қаланың тірі жүрегі. Мұнда жергілікті мәдениетпен танысып, дәстүрлі хорезм тағамдарын татып көруге және жергілікті шеберлердің қолөнер бұйымдары мен табиғи өнімдерін сатып алуға болады.


Жүктеп алу үшін қажет қолданбалар

Maps.me — Өзбекстанның кез келген қаласы үшін навигатор.
Railway.uz - қалааралық пойыз билеттерін сатып алу үшін

Орналасу:

Қонақ үйлерді, жатақханаларды booking.com сайтынан табуға болады. 

Валюта:

Өзбекстанда ақша бірлігі өзбек сумы болып табылады. Мекемелер карталарды қабылдайды, бірақ такси ақысын төлеу үшін және дүкеннен немесе базардан тауар сатып алғанда әрқашан жаныңызда жергілікті қолма-қол ақша болуын ұсынамыз. Бұхара сияқты қалаларда қолма-қол ақшаға басымдық беріледі және карталар сирек жағдайларда және жерлерде ғана қабылданады.

Cілтеме арқылы Өзбекістанға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.


Сатып алу

Рейс күні

calendar