МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
FlyArystan әуекомпанияның ___ ______ 20__ жылғы FS ___ рейсіне қатысты төтенше жағдай орын алғанын өкінішпен растайды.
Жолаушыларымыздың, экипаждың және олардың отбасыларының қауіпсіздігі мен қолдау сезінуін қамтамасыз ету біздің басты құндылығымыз болып қала береді.
Туыстары мен жақындары үшін
• Сенім телефоны: Ақпарат алу үшін +7 727 244 55 52, 8 800 080 0440 нөмірі бойынша бізге хабарласыңыз.
• Көмек орталықтары: Біздің қолдау орталықтарымыз келесі мекенжайлар бойынша жұмыс істейді:
Ресми ақпарат
Сенімді ақпарат осы сайтта және әлеуметтік желілердегі біздің ресми парақшаларымызда жарияланатын болады:
БАҚ сұрақтары бойынша pr@flyarystan.com хабарласуыңызды сұраймыз
Орталық Азияның ең танымал бағыттарының бірі Самарқанға Қазақстаннан тікелей маусымдық рейстермен саяхаттаңыз.
Алматы (ALA) – Самарқан (SKD) рейстері 2026 жылғы 21 наурыз – 30 мамыр және 1 қыркүйек – 24 қазан аралығында, аптасына екі рет — сейсенбі және сенбі күндері, заманауи Airbus A320 ұшақтарымен орындалады.
Самарқан – үш мыңжылдықтар бойы өмір сүрген адамзаттың ең көне қалаларының бірі. Қала Ұлы Жібек жолының бойында қаланған және көптеген мемлекеттердің, соның ішінде белгілі империялардың астанасы болған. Бүгінде Самарқан көне жәдігерлер мұқият сақталатын жер. Сақталған материалдық және рухани мұралардың арқасында бүкіл қала ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Ежелгі сәулет өнерінің ескерткіштері, ғылыми және өнер мектептерінің мұралары, мәдени қолөнер орталықтары – осының бәрі Самарқанның тарихын құрайды.
FlyArystan-ның кең бағдарлар желісін пайдаланып, өзіңіздің қаланыздан тоғыспалы рейстер арқылы Самарқанға дейін жету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.
Билетті тікелей және делдалдық төлемсіз сатып алу үшін iOS және Android смартфондарына арналған FlyArystan қосымшасын жүктеп алуды немесе ресми сайтты қолдануды ұсынамыз. Бізбен саяхаттағанда, әуе билетіңізде үнемдейсіз, бұл сіздің шығындарыңыздың маңызды бөлігі болуы мүмкін. Біздің жолаушылар қажетті қызметтердің толық тізімін таңдай отырып, рейстің соңғы құнын өздері қалыптастырады.
Билеттерді екі жаққа, алдын ала брондау ұсынылады. Бұл сіздің сапарыңызды одан да тиімді етеді.
Самарқанда қандай жерлерді көруге болатынын білмейсіз бе? Сіздерді біздің шағын гидпен танысуға шақырамыз.
Такси құны кез келген туристті таң қалдырады. Мұнда қала ішіндегі бағалар максимум 10 000 сумға, ал әуежайдан қалаға немесе кері қарай 30 000 сумға дейін жетуі мүмкін. Яндекс такси немесе жергілікті такси қызметтері - таксиметрді пайдаланыңыз.
Жүктеп алу үшін қажет қолданбалар
Maps.me — Өзбекстанның кез келген қаласы үшін навигатор.
Railway.uz - қалааралық пойыз билеттерін сатып алу үшін (Самарқан-Ташкент, Самарқан-Бұхара, Хива. Билет бағасы әртүрлі.
Самарқаннан Ташкент пен Бұхараға жүрдек пойыздармен оңай әрі жылдам жетуге болады. Бұл көлікпен салыстырғанда 2-3 сағат жылдамырақ
Қонақ үйлерді, жатақханаларды booking.com сайтынан табуға болады. Самарқанның орталығында, Регистан немесе Шахи Зинда сияқты көрікті жерлерге жақын қонақүйді таңдауға тырысыңыз. Сондықтан бәрі жаяу қашықтықта болады және туристерге күн шыққанда немесе күн батқанда суретке түсуге ыңғайлы болады
Өзбекстанда ақша бірлігі өзбек сумы болып табылады. Мекемелер карталарды қабылдайды, бірақ такси ақысын төлеу үшін және дүкеннен немесе базардан тауар сатып алғанда әрқашан жаныңызда жергілікті қолма-қол ақша болуын ұсынамыз. Бұхара сияқты қалаларда қолма-қол ақшаға басымдық беріледі және карталар сирек жағдайларда және жерлерде ғана қабылданады.
Cілтеме арқылы Өзбекістанға кіру талаптарымен алдын ала танысуды сұраймыз.
Рейс күні
Too Many Request